AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі әйел дәрігер қателігінен бөтен адамдардан бала босанған

Калифорниядағы Лос-Анджелес қаласында екі әйел эко арқылы ұрықтандыру процедурасындағы қателікке байланысты бір-бірінің қыздарын дүниеге әкелгені анықтады. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Орны ауысып кеткен қыздардың бірі 41 жастағы музыкант Александр Кардинале мен оның 43 жастағы әйелі Дафнаның отбасында тәрбиеленген. Александр бір қарағанда қызының оған да, Дафнаға да ұқсамайтынын байқаған. Оның айтуынша, бұл нәресте өзінің баласы емес деген сезімнен арыла алмаған.

Алдымен Дафна күйеуін сабырға шақырып, бәрі жақсы деп сендіруге тырысқан. Әйел қызды туған қызы деп санады, өйткені ол оны тоғыз ай көтеріп, дүниеге әкелді. Бірақ баласы мен ата-анасы арасындағы ұқсастықтың жоқтығын басқа адамдар да байқай бастаған.

Бірнеше аптадан кейін Кардинале эко жүргізілген клиникаға қоңырау шалып, нәрестенің суретін жіберуді сұраған. Осыдан кейін Дафна ДНҚ тестін сатып алып, екі айлық қыздың ата-анасы шын мәнінде басқа адамдар болғанына көз жеткізді.

Ерлі-зайыптылар адвокат жалдап, емхана өкілдерінен экстракорпоралды ұрықтандыру кезінде эмбриондар ауысып кеткенін растайтын дәлелдерді талап етті. Кардиналенің қызы басқа жұптың биологиялық қызы болғандығы анықталды, демек, олар Кардиналенің баласын дүниеге әкелген.

Шындықты білген Кардинал алғаш рет өзінің туған қызының суретін көрді. Олар басқа ата-аналар оны Зоуи деп атағанын біліп, бұл есімін өзгертпеуге шешім қабылдады. Қыздар төрт айлық болған кезде  екі отбасы сәбилерін алмастырды.  Бұл жағдай олар үшін үлкен сынақ болса да, отбасы бірігіп, етене жақын араласып, қазір демалыс күндерін бірге өткізетін болған. 


Кездесуде қарны ашқан әйел сүйіктісінің тоңазытқышынан бөлшектелген адам денесін тауып алды 


Кардинал экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасы жүргізілген Калифорниядағы репродуктивті денсаулық орталығын және оның иесі доктор Элиран Мораны сотқа берді. Ерлі-зайыптылар клиниканы медициналық қателік, немқұрайлылық және алаяқтық жасады деп айыптап отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр