Екі аяғының ортасынан ұстады: Тараз тұрғыны өз қызына зейнеткер көршісінің азғындық жасап жүргенін айтты
Тараз тұрғыны мен оның көршісі бір аулада тұратын көршісінің қыздарына тиісіп, ұятты әрекеттер жасап жүргеніне шағымданды. Ол балаларының сақтығы үшін бейнебақылау камерасын орнатқан.
#НеМолчиKZ қорына хабарласқан әйел үш баланың анасы. Таразда тұрады. Ол көршісі екеуі зейнеткер шалдың жас қыздарға тиісетінін айтады.
"Сіздер мынадай жағдайға қандай баға берер едіңіздер? Ата-ана ретінде не істейтін едіңіздер? Егер сіздің қызыңызды бейтаныс қария басынан сипап, бетінен сүйіп, үйіне шақырса не істер едіңіз?", - деді ол.
"Не себепті полиция ешқандай шара қолданбайды. Мен Қазақстан халқынан көмек сұраймын. 2020 жылы 23 мамырда 1948 жылы туған көрші зейнеткеріміз менің кәмелетке толмаған қызыма біртүрлі әрекет жасады. Ол алдымен подъезге шақырып, қызым бармайтынын білген соң сәкіде бірге отыруды ұсынады. Сәкіде арқасынан, екі аяғының ортасынан ұстап, азғындық әрекеттерге барған. Мен осы кезді терезеден байқап қалдым.
Полицияға арыз бердім. Қызымның айтуынша, қария оны екі рет пәтеріне шақырған. Қызыма тиісіп жатқаны видеоға түскен.
Ол менің қызымды ғана емес, барлық қызды құшақтап, сүйіп жүретін адам. Үлкен қызымды да пәтеріне шақырған екен. Олар әлі бала, ешнәрсе түсінбейді. Бірақ барлық адамның ойы жақсы бола бермейді ғой.
Мен қайда хабарласа да, прокуратура да, облыстық прокуратура да менің айқайымды тыңдауға құлықсыз. 19 күн өтті. Әлі жауап та алған жоқ", - деді ашынған ана.