Екі адамның өліміне себеп болған апат: Рахмоновтың әйелі қорғау құқығы бар куәгер мәртебесінде тергеліп жатыр
Фото: Ақорда
UFC-де өнер көрсететін танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонова екі әйелдің өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша қорғау құқығы бар куәгер мәртебесінде тергеліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу әрекеттері шеңберінде болған оқиғаның шынайы бейнесін анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық шара жүргізіліп жатыр.
“Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір азаматша қорғау құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Ол Алматыдағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Тергеу шараларының қорытынысына сәйкес оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп жауап берді полиция өкілдері.
Қазір әлеуметтік желіде Рахмоновтар отбасын қолдауға арналған науқан жүріп жатыр. Пікір білдірушілер әйел адамды жауапқа тарту Шавкат Рахмоновтың мансабына зиянын тигізеді деп жазып жатыр. Олардың пікірінше, ол нағыз батыр, ал болған жағдай тек кездейсоқ апат.
Кей дереккөзде Гүлайым Рахмонова түсініктемесінде көлік тізгінінде өзі емес, жол апатында қаза тапқан әйелдердің бірі болғанын жазған. Айтуынша, жолда шаршаған соң көлік басқаруды соған тапсырған.
Жол апатына ұшыраған Шавкат Рахмоновтың әйелі қамауға алынады деген болжам бар
Шавкат Рахмонов өзіне қымбат сыйлық жасады
Еске салайық, бұған дейін қайғылы жол апаты Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған. Сол кезде Рахмонова ұлы және екі әйелмен бірге Қарағандыдан Алматыға жол жүріп бара жатқан. Өкінішке қарай, сол екі әйел оқиға орнында қаза тапты.

"Сүт қосылған шай ішіп, Күнге қарап табынады": Қазақстанда шектеу қойылған "Алля Аят" діни-мистикалық ұйымы ауыл халқын үрейде ұстап отыр
