"Екі адам қаза тауып, сегізі жарақат алды": АҚШ-та университетте студенттер емтихан тапсырып жатқан кезде белгісіз біреулер атыс шығарды
Фото: ВВС
АҚШ-тың Brown университетінің аумағында студенттер емтихан тапсырып жатқанда белгісіз адам оқ жаудырды. Салдарынан екі адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Атыс инженерлік және физика факультеттері орналасқан оқу корпусында тіркелген. Сол сәтте ғимаратта студенттер мен оқытушылар болған. Куәгерлердің жергілікті БАҚ-қа айтуынша, полиция арнайы операция жүргізгенге дейін олар бірнеше сағат бойы аудиторияларда жасырынуға мәжбүр болған.
Күдікті қара киім киген ер адам әзірге қолға түспеген. Шабуылдың себептері белгісіз. Істі АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы (ФБР) тергеп жатыр.
-
Трамп "елге пайда әкелмейтін" ауғанстандық мигранттарды жаппай депортациялайтынын айтты
-
"Балалар балмұздақ дүкенінде туған күн тойлап жатқан": Калифорнияда атыс болып 4 адам қаза тапты
"Қандай қорқынышты оқиға. Қазір қолымыздан келетіні – құрбандар үшін дұға ету ғана. Бұл масқара жағдай", – деп мәлімдеді Дональд Трамп оқиға туралы естігеннен кейін.
Brown университеті – елдегі ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда 7 мыңнан астам бакалавр және 3 мыңнан астам магистрант пен докторант білім алады. Университет Род-Айленд штатының Провиденс қаласында орналасқан және АҚШ-тағы ең беделді жекеменшік университеттерді біріктіретін Ivy League (Айви лигасы) құрамына кіреді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?