Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екеуміз де арбаға таңылдық": Нұрлан мен Мұрат қатар ауырған сәттерін есіне алды

Танымал жұлдызды топ Нұрлан мен Мұрат денсаулықтарының сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Өнер иелері өмірде де өнерде де қарым-қатынастарын үзбейтінін жасырмады. 

“Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бірақ Мұрат екеуіміздің арамызда ерекше бір байланыс бар сияқты. Мен ауырсам, міндетті түрде бір-екі жылдан кейін Мұрат та ауырып қалады. Маған қайғы түссе, көп ұзамай Мұрат та сондай жағдайды бастан кешіреді. Неге екенін білмеймін. Менің анам дүниеден озды, бір-екі жылдан кейін Мұраттың анасы да өмірден өтті. Мен ауырғанда үш жыл бойы арбада отырдым, ал Мұрат жақында ғана арбадан шықты. Осындай сәйкестіктер жиі болып тұрады. Сондықтан Мұрат маған үнемі: "Нұреке, абайлап жүрші" деп айтады”, – деді Нұрлан “Таңшолпан” бағдарламасына келгенде. 



Одан кейін хитке айналған топ қанша ән жаздырса да, халық екі әнді ғана орындауын өтінетінін де жасырмады. 

“Ескі әндеріміз әлі де сұранысқа ие. Той мен концерттерге жаңа ән жаздырсақ, “Жаулап алды махаббат” пен “Ләйләні” сұрайды. “Біз жаңа ән жаздырдық, соны орындайық” десек, “Оны кейін орындайсыздар, алдымен “Ләйләні” айтыңыздаршы деп өтінеді. Халықтың тілегін орындауға тура келеді”, – деді топ солисі Мұрат Қожа. 

Талқылау