Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7-сынып оқушысы сыныптас қызын ұрып өлтірген

Қырғызстанда Бішкек қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектепте қайғылы оқиға болды. 7-сыныпта оқитын қызды сыныстас ұл ұрып-соққаннан кейін көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Kaktus.media

Ленин аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, оқу процесі кезінде 2011 жылы туған ұл бала мен 2010 жылы туған қыз бала арасында жанжал шыққан. Кикілжің барысында ұл бала қызға дене жарақатын салған. Салдарынан қыз есінен танып қалған.

Оқиға орнына жедел жәрдем тобы шақырылғанымен медициналық қызметкерлер қыз баланың қайтыс болғанын анықтаған.

Оқиғаға байланысты Ленин аудандық ішкі істер басқармасының тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, құқықтық баға бермек.



Еске салайық, бұған дейін Семейде қатарласын ұрып-соғып мазақ еткен оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылғанын жаздық. Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ата-аналарға тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп тауып, әкімшілік жаза тағайындады. Сот шешімі бойынша ата-аналардың бірі бес тәулікке қамауға алынды. Тағы төрт жасөспірімнің ата-анасының әрқайсысына 78 640 теңге айыппұл салынды.

Талқылау