Семейде қатарласын ұрып-соғып мазақ еткен оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды
Семейде қатарласын ұрып-соғып мазақ еткен оқиғаға қатысы бар жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ата-аналарға тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп тауып, әкімшілік жаза тағайындады.
Сот шешімі бойынша ата-аналардың бірі бес тәулікке қамауға алынды. Тағы төрт жасөспірімнің ата-анасының әрқайсысы 78 640 теңге айыппұл салынды.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік. Оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"