AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екеуін скотчпен орындыққа орадым": Ақмола облысында ер адам инкассаторға қарақшылық шабуыл жасаған

Ақмола облысында инкассаторға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Олар елорда маңындағы Бозайғыр ауылында төлем терминалдарынан ақша жинап жүрген қызметкерлерге қару кезеніп, 14 миллион теңгені  алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Итеріп жібердім де, қолымдағыны көрсеттім. Бас дедім. Боқтап жібердім. Екеуін орындыққа орадым скотчпен”, – дейді күдікті.

Қызметкерлер ақша жинауға кеткенде, ебін тауып инкассаторлық көліктің артқы орындығына белгісіз адам отырып алған. Медициналық бетперде киген оның қолында тапаншаға ұқсас қаруы болыпты. Сол арқылы жүргізуші мен жанындағы адамды қорқытып, Тайтөбе ауылына қарай алып кеткен. Діттеген жеріне жеткенде қызметкерлерді  көліктің орындығына скотчпен байлап, қапшықтағы ақшаны алып із суытқан.

Қарақшылар бір тәуліктен кейін қолға түсті. Олар Қосшы қаласының 24 және 27 жастағы тұрғындары екен. Бұрын дәл осы инкассаторлық фирмада жұмыс істегендері белгілі болды. Ұрланған қаражатты "Нұра" өзенінің  маңына жасырып қойыпты. 

“Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "Қарақшылық"бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған екі күдікті де бұрын осы инкассаторлық фирмада жұмыс істеген болып шықты. Аталқан қылмысқа басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы тексерілуде. Екеуі де уақытша қамау абақтысына жабылды”, – дейді  Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдікәрімова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр