AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда eGov.kz пен ХҚКО жұмысы қалпына келтірілді

eGov.kz порталының, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильді қосымшасының және негізгі мемлекеттік дерекқорлардың жұмысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердегі және ХҚКО-ры мен арнайы ХҚКО-дағы мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды.

"ҰАТ" АҚ қызметкерлері электрондық үкімет компоненттері мен мемлекеттік деректер базасының жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ақаулықтарға байланысты алдағы бірнеше күнде пайдаланушылардың үлкен ағыны күтілуде. Осыған орай түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сонымен қатар, орын алған техникалық ақаулықтардың себептеріне талдау жүргізіліп жатыр.

"Электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздік индиценті ретінде тіркелетінін атап өту керек. Кешенді талдау қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданады", – делінген ақпаратта.

Осыған дейін мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының істен шығуына байланысты жеке мемлекеттік деректер базалары мен электрондық үкіметтің компоненттерінің қолжетімсіздігі байқалды.

Осыған байланысты екінші деңгейлі банктердегі мемлекеттік қызметтер және ХҚКО-ры мен арнайы ХҚКО-ры жұмыс істемеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр