Егіз қыздар бір жігітке тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)
Бір жігітпен бір уақытта төсектес болған егіз қыздың әрекетті жұртты шулатты. Енді австралиялық егіздер Анна мен Люси Декинк әлгі жігітке тұрмысқа шыққалы жатыр. Егіздер 31 жаста.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
Егіз қыздар Бенмен бес жылдан бері араласып келген. Бен механик болып жұмыс істейді. “Біз үшеуіміз бес жыл бойы қатар жүрдік. Біз екеуіміз Бенге тұрмысқа шыққымыз келеді. Көп адам жағымсыз пікір жазып жатыр. Кейбіреуі “Бұлай жасауға бола ма?” сынды сауалдар қояды. Шынымды айтсам, мұндай сұрақтардың жауабын білмеймін. Бірақ АҚШ-тың Тусон аймағында осылай жасауға болады екен. Енді Бен екі неке жүзігі мен екі көйлек сыйлай алса болғаны”, – дейді Анна.
Көпшілік Австралияда мұндай жағдайдың бірінші рет болғанын айтып жатыр. Ал егіздер өз кезектерінде ешкімге жамандық тигізбейтіндерін тілге тиек етті.
Бірнеше ай бұрын олар бір жігітке ғашық болып қалғандары туралы жазған болатын. Тіпті, үш адамның қатысуымен өткен төсек қатынастарының да егжей-тегжейлерін айтқан-ды.
“Бен бізді бөліп-жарған емес. Аннаны сүйген соң, мені де бірден сүйеді. Екеуіміздің де қолымызды ұстап жүреді”, – дейді Люси. Енді бойжеткендер бір уақытта бала көтеруді аңсап жүр.
Жіберіп алмаңыз:
Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел 45 кг салмақ жоғалтқан (фото)
Түркияда маңдайында жүрекше қалы бар сәби дүниеге келді (фото)
Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған
Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)