Египетте қыз баланы сүндетке отыруға мәжбүрлегендер қатаң жазаланбақ
Египет билігі қыз баланы сүндеттеген адамды және осы салт-дәстүрдің орындалуына септігін тигізгендерді қатаң жазаламақ.
Бұл туралы BBC News хабарлайды.
Заңға сай қыз баланы сүндетке күштеп отырғызғандар 3 айдан бастап 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін. Жуырда билік өкілдері осы заңның өзгеруіне келісімін беріп, жазаның мерзімін 5-7 жылға дейін ұзартты. Мұнымен қатар, сүндетке отырғызу кезінде қыз баладан көп қан кетіп, қайтыс болса, бұдан да қатаң жаза қолданылмақ.
Қыз баланы сүндеттеу – жыныс мүшесінің сыртқы бөлігінің толықтай немесе жартылай кесіліп тасталуы. Әдетте Африка, Таяу Шығыс сынды мемлекеттердегі мұсылмандар мен христиандар қыздарын сүндетке отырғызады. Египетте 2008 жылдан бері қыз баласын сүндетке отырғызуға тыйым салынған. Алайда, оған қарамастан әйелдердің 90 пайызы 50 жасына дейін сүндетке отырған. Мұндай отаның 70 пайызын білікті дәрігерлер атқарады.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар қыз баланы сүндеттеуді дұрыс деп тапты
Британияда ер адам балаларын сүндетке отырғызудан бас тартқан әйелімен соттасты