Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Египетте Қазақстан, Ресей, Өзбекстан азаматтарын жаппай ұстап жатыр – БАҚ

Фото: Желі кадрларынан скрин

Египетте Ресей, Өзбекстан және Қазақстан азаматтарын жаппай ұстап жатыр. Жергілікті тұрғындар мен оқиға куәгерлерінің айтуынша, ұсталғандар арасында тіпті заңды визалары бар студенттер де бар екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Осторожно новости" Telegram арнасының хабарлауынша, Қазақстан, Өзбекстан және Ресейден келген отбасылар бірнеше апта бойы туыстарын таба алмай отыр екен. Айтуларынша, жақындарын көшеден тіпті үйлерінен күшпен алып кеткен.

Ұсталған студенттердің айтуынша, құқық қорғау органдары оқу орындарында қарауыл жасап жатыр. Студенттерді заңды визалары мен оқуға рұқсаты болуына қарамастан ұстап, депортациялап жатыр. Ал полиция қызметкерлері барлық жеке затты алып, кері қайтармай жатыр екен.

"Олар мені намазға бара жатқанда ұстады. Университетте оқитынымды көрсетсем де бәрібір алып кетті. Тамақ, су бермеді, қатты жерде ұйықтадық. Тіпті дәретханаға баруға рұқсат бермеді. Дұға етпеуіміз үшін, екі-үштен қолымызды байлап, ақша бопсалады", — деді депортацияланған студенттердің бірі.



Өзбекстанның Египеттегі елшілігі бұл жағдайға түсініктеме беріп, жергілікті құқық қорғау органдары жақында көптеген шетелдіктердің, соның ішінде студенттердің болу заңдылығын белсенді түрде зерттеп жатқанын атап өтті. Ведомство 13 мамырда Өзбекстанның бес азаматы ұсталғанын хабарлады. Дипломаттар елде болудың заңдылығын растайтын құжаттарды өзімен алып жүруге шақырды.

Ұсталғандардың туыстары алаңдаушылық білдіріп, Египет билігі мен өз елшіліктерінен түсініктеме талап етіп жатыр.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 10:07
Талқылау