Египет жағалауындағы шабуыл: бірнеше жерден пышақталған ресейлік әйел аман қалды
Қаруланған ДАИШ сарбазымен төбелескен ресейлік Елена Михайленко шабуыл туралы айтып берді.
Бұл туралы “НТВ” хабарлайды.
Әйелдің сөзінше, ол жағажайда жатқан кезде өзіне қарсы жүгіріп келе жатқан қаскөйді көріп қалады. Ешқайда қашудың реті болмаған соң, ол өзіне тап берген адаммен алыса кеткен.
Ер адам оны аяғымен теуіп, бірнеше соққы бағыттаған. Тіпті әйелдің оған қарсы күресуге шамасы таусылуға да жақындапты. Бірақ, ұлын ойлаған әйел қаскөймен соңына дейін тайталасқан. Тек қылмыскер басқа адамдарға жүгірген сәтті пайдаланып, ол үсті қан-қан күйде қонақүйге қарай жүгіреді. Оның осы күйін көріп тұрса да, ешкім оған көмек қолын созбаған.
Әйел мойыны мен оң қолынан аса ауыр жарақаттар алған. Еске салсақ, 14 шілде күні 27 жастағы ер адам жағажайда демалып жатқан шетелдіктерге шабуыл жасап, екі неміс әйел көз жұмған. Ер адамның террористік ДАИШ ұйымына қатысы болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
“Қырғызстан аруы – 2013” жеңімпазы көз жұмды
Үш жасөспірім әйелді Фейсбуктегі тікелей эфир кезінде зорлады (видео)