"Егін жинауға кедергі": Вице-министр елімізде алдағы күндері жауын-шашын күшейіп, күн суитынын айтты
Фото: pixabay.com
Экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев алдағы күндері елімізде ауа райы жауын-шашынды болып, күн суытатынын жеткізді. Айтуынша, бұл егін жинауға кедергі келтіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, синоптиктердің болжамы бойынша қыркүйек айының 23-інен 30-ына дейінгі аралықта еліміздің астық егетін аймақтарында ауа райы егін жинауға жайсыз болады.
Болжам бойынша:
- – Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде осы кезең бойы жаңбыр жауады.
- – Ақтөбе облысында 26-30 қыркүйек аралығы,
- – Батыс Қазақстан облысында 25-29 қыркүйек аралығы,
- – Қарағанды, Ұлытау облыстарында 27-30 қыркүйек аралығы жауын-шашынды болады.
- – Павлодар облысында қыркүйектің 23-25-і және 28-30-ы аралығында жаңбыр.
- – Еліміздің шығысында қыркүйектің 23-24-і, 29-30-ы жаңбыр.
Жауын-шашын күндері қатты жел болады. 23-30 қыркүйек аралығында күндіз де, түнде де ауа температура біртіндеп төмендеп, түнгі уақытта қырау түсуі мүмкін.
Қазан айында еліміздің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады. Ал батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік бөлікте әдеттегіден жылы болады.
"Еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерінде бір ай бойы жиі жауын-шашын түсуі ықтимал. Айтылған болжамдарды ескере отырып, астық жинауға қолайлы кезеңдерді тиімді пайдалану қажет деп есептейміз", – деді Нұркен Шәрбиев.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
