Егеуқұйрықты тірідей жұтқан қытай жігіті желідегілерді шошытты (видео)
«Қытай жігіттері қазақ қыздарын жар етіп алмақшы» деген ақпарат тарағалы бері қоғам бұл мәселені қызу талқылауға кіріскен. Намысты қазақ жігіттері қарагөз қарындастарының жаттың жетегінде кетпеуі үшін жер-жерде пікірлерін айтып барын салуда.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Мәселен, танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев бұл туралы бірнеше рет өз пікірін білдірді. Күйеуге шықпай қалса да, өз қызын қытайға бермейтінін баса айтты. Бір бағдарламаға қонақ ретінде келген ол шетелдіктердің қасында отырған қазақ қыздарын тұрғызып, орнына өзі отырды.
Одан бөлек, бақа-шаянмен қоректенетіндердің айқын бет-бейнесін көрсететін видеоларды жариялауда. Бұл жолы Имашев егеуқұйрықты тірідей жұта салған қытай жігітінің видеосын жүктеп, тағы да қытайлар жайлы өз пікірін айтты.
«Өткенде құрбақа жеген қытай қызын салып едім ғой. Мынау енді сүйікті асы егеуқұйрықты шікідей шайнап жей беретін қытай жігіті. Кім бұған жар болғысы келеді? Жүйкесі жұқарғандар көрмей-ақ қойсын!» – дейді ол.
Желі қолданушылары Имашевті толықтай қолдайтындарын жеткізді. Көпшілік видеоны көргенде өздерін жаман сезінгендерін айтқан. Кейбіреулер мұндай тұрпаттағы бейнелерде желіге салмауды өтінген.
“Қытайдың жігітіне шыққанша атылып өлген жақсы ғой”, “Бұлар жаңа туып шетінеген баланың етін де жейді екен. Бұларды да адам дейді-ау”, “Қытайға тұрмысқа шықса қазақ қыздары да осындайды жеп отырады”, “Намыссыз қыздар осыны көріп отырса, кішкене болса да қазақ екендеріне, қандарының таза екеніне шүкіршілік айтатын шығар”, – деп пікір білдірді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Үндістандағы “балық бала” 8 жылдан бері далаға шықпаған
Ер адам бейтаныс әйелді босандырып сәбиін өзі асырап алды