Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Эфирде масқара болдым": Айнұр Тұрсынбаева алғаш сұхбат берген кезін еске алды

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева алғаш сахнаға шыққан кезін еске алып, қызық оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға эфир кезінде болған. 

“Кімнің көңілі көтерілсін десеңіз, соған жіберіңіз! Эфир кезінде талай қызық болды ғой, ұят та болса бір масқара болғанымды мен де айтайыншы… Бір таңғы эфирге ұйқым қанбай барғанмын, жүргізуші "Дүниені жақсы көресіз бе?" деп сұрақ қойды... Жүргізушінің өзін састырайын деген болуым керек, "Сіз дүниеқоңыз деген сөздің мағынасын білесіз бе" деп айтамын деп, "Сіз осы осырақ қоңызды білесіз бе?" деппін. Тікелей эфирде айтқанмын ғой тағы... Жүргізушінің шок болған түрі әлі көз алдымда. Жердің тесігін таппай, сөйлей алмай отырып қалғаным есімде әйтеуір...”, – деп жазды айтыскер. 

Ақынның оқырмандары мен әріптестері қызық оқиғаларын жарыса жазып жатыр. Айнұр Асанберді есімді журналист: “Тікелей эфирде боқтап жібердім” десе, енді бір әріптесі Меруерт Құсайын: “Эфирде талай картопты жардық” деп шынын айтып жатыр. 

 

Талқылау