Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Эфир жүргізе алмайтын еді": Гүлзира Айдарбекова келіндерінің блогер болуына ықпал еткенін айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндерінің әлеуметтік желіде белсенді болуына бағыт-бағдар бергенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Медиа менеджері ортаншы ұлы Аян Нұртастың келіншегі Айгерім Саркеновамен түскен суретін жүктеп, келініне деген ерекше ықыласын жеткізген. 

“Қалай жақсы көретінімді сөзбен жеткізе алмаймын. Сіздерге де адал келін бұйырсын. Тек көз тимесін!", – деді Гүлзира Үсенқызы. 



Сондай-ақ продюсер келіндерінің әлеуметтік желіде белсенді болғандарын қалайтынын жасырмады. 

“Келін – ененің топырағынан” деген сөз бар. Үш келінім үш түрлі тәрбиеде, үш түрлі отбасынан шыққанымен айналып келгенде өз аналарының емес, менің жолымды қуған. Ол жағын Айгерам мойындап отырады. Мен-мен, мен өзім демей, “Мама сіз басында айтқанда мен олай бола алмаймын, эфирге шыға алмаймын, инста жүргізе алмаймын” деуші едім ғой, ал сіз “Адамның жасағанын адам жасай алады” дейтінсіз. Енді қарасам шынында солай екен” деп риза болып отырады. Қазір өз оқырмандары бар, жетерлік. Оқырман деген сенің бөлек бір әлемің ғой. Басыңа жағдай туса бәрі жүрегі ауырып дұға тілейді, көп тілеуі – көл дегендей, қиындығың жеңілдейді. Сәл артық кетсең ескертіп отырады. Арасында болады енді бір қарын майды шірітетін құмалақтар, ондай адамдар өз отбасыңда да, өз құрбыларыңнан, қоршаған ортаңда да табылады ғой. Ол да керек өмір болған соң, көп нәрсені түзетіп, көз жеткізуге кімнің кім екенін біліп отырасың”, – деп жазды продюсер. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова жолдасымен бірге қыдырмайды дейтіндерге жауап берген еді. 

Талқылау