Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эфиопиядағы 157 жолаушы өлімі: Ұшаққа екі минут кешігіп қалған жігіт аман қалды

Эфиопияда құлаған Боинг 737 ұшағына кешігіп қалған Грекия азаматы Антониос Маврополлосдың өмірі сақталды.

Эфиопиядағы 157 жолаушы өлімі: Ұшаққа екі минут кешігіп қалған жініт аман қалды

Антониос рейске екі минутқа кешіігіп қалды. Әуежайдың қызметкерлері жолаушы уақытында жүк багажын тапсырмағандықтан оны бортқа кіргізбей қойды.

«Адамдардың ұшаққа мініп жатқанын көрдім, маған рұқсат бермегендіктен қатты ашуландым, - дейді Антониос Маврилопулос.

Трагедия туралы жаңалық шыққаннан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері жолаушы ер адамды ұстады, себебі ол кездейсоқ ұшаққа кешігіп қалған жалғыз адам болған.

Еске сала кетейік, жексенбі күні, 10 наурызда Аддис-Абебадан Кенияға дейін жүретін Эфиопия авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағы эфиопиялық Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында құлаған. Ұшақ бортында 157 адам болды, оның ішінде сегіз экипаж мүшесі болды. Кеме апатының себептері зерттелуде.

Қазақстандықтардың құрбан болғандар арасында жоқ екені мәлім болды.

Марқұм жолаушылар арасында Кения, Канада, Эфиопия, Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Словакия, Австрия, Швеция, Марокко, Испания, Польша, Израиль және басқа елдерден келген 33 елдің азаматтары болды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кемеде қаза тапқандардың арасында қаақстандық  азаматтар жоқ.


 

Талқылау