Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭЦҚ шығару туралы хабарлама келді: Өтінім бермеген қазақстандықтарға не істеу керек

ЭЦП

Фото: egov.kz

Электронды цифрлық қолтаңба құжаттарға қашықтан қол қоюға рұқсат береді. Сондықтан қанша кілт рәсімделгенін мұқият қадағалап, күдікті өтінімдерді қайтарып алу маңызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық куаландырушы орталығы егер сіз электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін шығару туралы хабарлама алсаңыз, бірақ оларды өзіңіз шығармасаңыз, келесі әрекеттерді жасауға кеңес береді:

•    eGov Mobile-да тіркелгеніңізді тексеріңіз. Қосымшада тіркелу кезінде ЭЦҚ кілттері шығарылады және хабарлама осыған байланысты болуы мүмкін;

•    ҚР ҰКО жеке кабинетіне кіріңіз (pki.gov.kz) және барлық қолданыстағы ЭЦҚ кілттерін, олар қашан және қандай тәсілмен шығарылғанын тексеріңіз. Қажет болса, бұл ақпаратты есеп ретінде жүктей аласыз;

•    ЭЦҚ кілттерін басқа тұлғаларға бермегеніңізге көз жеткізіңіз. ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға берген жағдайда, ЭЦҚ жаңа кілтін шығарып, оларды ҚР ҰКО жеке кабинеті арқылы қайтарып алыңыз.

“Назар аударыңыз! Жаңа ЭЦҚ кілттерін шығарған кезде ескілері қолданыста қалады, сондықтан оларды қолмен қайтарып алу қажет. ЭЦҚ кілттерін бұзуға негізделген күдік туындаған жағдайда, ЦДИАӨМ АҚК-не хабарласыңыз”, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін заңгер адамның ЖСН және ЭЦҚ нөмірін білу арқылы қандай ақпаратты анықтауға ​​болатынын айтқан еді.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 10:17
Талқылау