ЕАЭО-да аудиторлық қызметке бірыңғай талап бекітілмек: Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аясындағы аудиторлық қызмет туралы жаңа заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ЕАЭО баспасөз қызметі
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.
Келісімге мемлекет басшылары 2022 жылы 19 сәуірде Мәскеуде қол қойған.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, аталған келісімнің мақсаты – ЕАЭО аудиторлық қызметтерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру, аудиторлық қызметтерді шектеусіз жеткізу және қабылдаушы елде қосымша белгілеусіз ерекшеліктер, аудиторлардың біліктілік сертификаттары мен аудиторлық есептерді өзара тану болып табылады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”