Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Дүниежүзі аруы” байқауына қатысатын қазақстандық арудың көйлегі елді тәнті етті

“Дүниежүзі аруы” байқауына қатысатын қазақстандық ару Сабина Әзімбаеваның көйлегі 30 келі тартады. Оның көйлегі сақ жауынгерінің образында жасалған, деп хабарлайды КТК.

Бойжеткеннің көйлегі Сваровски тастарымен безендірілген. Алтын адам бейнесіндегі көйлекті 10 дизайнер екі ай бойы жасады.

Сабина көйлекті әділқазылар алқасы алдына 17 желтоқсанда киіп шығады.

“Бұл өте қиын жұмыс. Сондықтан көп уақыт жұмсалды. Бас киімін, қорғанын, барлық бөлігін қолдан жасадық. Костюм көп элементтен құралған. Арқасында үлкен күн, оның сәулесі ретінде оқтар бейнеленген. Оған қанат қостық. Ол еркіндікті белгіледі. Қанаттары жасанды қауырсыннан жасалды. Ешқандай құс зардап шеккен жоқ”, – дейді дизайнер Камила Бах.

Сабина Азимбаева былтырғы жылы Алматының ең сұлу аруы атанды. Ол енді ғана 18-ге толғандықтан Қазақстан намысын қорғап, байқауға қатыспақ.

Бойжеткен Таиландқа одан өзге 27 көйлек ала барады. Сабина байқауда ұйғыр биін билеп, өнерін көрсетеді.

“Ол жақта шығармашылық сынақ болады, мен басыма кесе қойып,  ұйғыр биін билеймін. Әр түрлі псхологиялық сұрақтар қойылады. Купальник киімін киіп шығамыз. Қазір спортпен айналысып, ағылшын тілін үйреніп жүрмін”, – дейді Сабина Әзімбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау