Дзюдошыларымыз әлем чемпионатындағы командалық сында да алғашқы айналымда жеңілді
Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының командалық сайысында да жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әбу-Дабидегі дзюдодан әлем чемпионатында аралас командалық сын бойынша жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы айналымнан аса алмады. Командалық сынның бірінші айналымда дзюдошыларымыз Германиямен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Біздің команда сапынан аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана қарсыластарын жеңсе, Екатерина Токарева, Айдар Арапов, Бақыт Құсақбаева мен Дархан Қойбаған ұтылып қалды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осылайша әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады. Команда сапында Абиба Әбужақынова ғана қола жүлдегер атанса, Елдос Сметов 5-орын алды.
Талқылау
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр
Желі қолданушысы: “Бұл биліктің назарды мәселеден басқа нәрсеге бұруы”
Үш күн ұйықтамай жасадық – Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасының жетекшісі
App Store-дың жалпы рейтингінде көш бастаған Aleem қосымшасының негізін қалаушымен сұхбат

