Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдошы Шерзод Давлатов Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Шерзад ДавлатовФото:IJF

Дзюдодан Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

60 келіге дейінгі салмақта екі отандасымыз Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан сынға түскен еді. Алайда соқыр жеребенің нәтижесінде олар алғашқы айналымда өзара белдесті. Тартысты кездесуде Шерзод Давлатов жеңіске жетті.

Нәтижесінде отандасымыз жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Дегенмен финал жолдамасы үшін өткен тартыста ол украиналық Дильшод Халматовқа есе жіберді.

Осылайша Шерзод Давлатов жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Бұл Шерзод Давлатовтың Гран-при турнирлеріндегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2024 жылы Загребте өткен турнирде алтын медаль жеңіп алған болатын.


Ташкентте жүлдесіз қалған отандық дзюдошылар енді Тбилисиге аттанбақ


Айта кетейік, бұл жарыста басты фавориттердің бірі саналған Абиба Абужақынова қола жүлде үшін белдесуде Нидерланд өкіліне жол берді.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 06 Наурыз, 2026 22:08