Дзюдошы Абиба Әбужақынова сырғалым атанды

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова сырғалым атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абиба Әбужақынова бірер күн бұрын өзіне үйленуге ұсыныс жасалғанын айтып, жанкүйерлерін қуанышты жаңалығымен қуантқан еді.
“Сырғалым атандым. Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда 2028 жылғы Олимпиада. Мен әлі де күресемін”, – деді Абиба Әбужақынова.
Айта кетейік, Абиба Әбужақынованың өмірлік жары да спорттан алыс емес. Абиба Әбужақыныоа сөз салған ер азамат белгілі дзюдошы Ермахан Әнуарбек.
Ермахан Әнуарбек – 90 келіге дейін ел намысын қорғап жүрген спортшы.
Тұрмысқа шығатынын хабарлаған Абиба Әбужақынова мансабына қатысты мәлімдеме жасады
Дзюдошы Абиба Абужақыноваға сүйіктісі сөз салды
Абиба Әбужақынова бұған дейін тұрмысқа шыққаннан кейін де спорттан кетпейтінін, алдағы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына қатысатынын айтқан.
Ол 48 келіге дейін салмақта әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Дзюдодан әлем чемпионатында финалға шыққан алғашқы қазақ қызы. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында бақ сынағанымен, жүлдеге іліне алмады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?