Дзюдодан Душанбедегі әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Дзюдодан жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының толық құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дзюдодан Қазақстан жаcөспірімдер құрамасы 2-6 қазан аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бұл турнирде Қазақстан намысын 18 спортшы қорғайды. Назарларыңызға әлемдік турнирде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз:
Ерлер:
60 келі. Орынбасар Талғат. Каргулов Алдияр
66 келі. Жұбатқанов Ақылжан. Альжанов Мағжан
73 келі. Алмат Әділет
81 келі. Күмісбай Азат. Балғабай Досбол
90 келі. Биржанов Аскар
+100 келі. Нұртілепұлы Жантілек
Алпанов Шерхан (командалық сайыста)
Қыздар:
48 келі. Юлдашбекова Сабина. Абдуали Тәсним
52 келі. Қайрат Аяулым. Ережепова Аружан
57 келі. Абдирова Дана
63 келі. Орымбек Көркем
70 келі. Асхат Ажар. Тельбаева Диана
+78 келі. Махатова Руслана
Айта кетейік, Тәжікстан астанасында өтетін әлем чемпионатына 67 мемлекеттен 574 спортшы қатыспақ.