Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық гвардияшы дзюдодан Азия чемпионы атанды

Елордалық Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ержан Еренғайыпов 60 келі салмақта дзюдодан Азияның ашық кубогында алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еренгайыпов

Сәуірдің 28 мен 29 аралығында Кувейт мемлекетінің астанасы Эль-Кувейтте өткен жарысқа әлемнің 27 елінен 150-ден астам спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасының намысын 8 салмақ дәрежесі бойынша 15 спортшы қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алтын медаль есебімен тек Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберіп, Азияның ашық кубогы рейтингінде екінші орынға тұрақтады. Қазақстандық спортшылардың қоржынында 7 медаль болды: 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.

“Құрамамыздың атынан әлемдік аренада өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Финалда түркімен дзюдошысы Довран Язкылычовпен кездестім. Керемет жекпе-жек болды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановқа осы жарыста Қазақстан құрамасы сапында ойнауға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ менің жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін”, – деді ефрейтор Ержан Еренғайыпов.

Талқылау