Джонни Депптің адамды таң қалдыратын 20 оғаш мінезі (фото)
9 маусым күні америкалық актер, музыкант, сценарист әрі продюсер Джонии Депп 53 жасқа толды. Депп режиссер Тим Бертонмен жұмыс істеп, танымал болды. Біз Джонни Депптің 20 оғаштығы жайлы сөз етпекпіз.
Актер клоунофобиямен ауырады, яғни клоундарды көрсе, қорқып тұншыға бастайды.
Оның шоколадтан аллергиясы бар. Сондықтан «Шоколад», «Чарли мен шоколад фабрикасы» атты фильмге түскенде тәтті муляждарды пайдалануға тура келген.
16 жасында актерды мектеп шығарып жіберген. Өйткені ол сабақ кезінде мұғалімге шалбарын шешіп жалаңаш бұтын көрсеткен.
Депп сақалдар коллекциясын жинайды.
Депп жыландарды қолға үйрете алады. Оның қалайша мұндай қабілетке ие екені бір құдайға ғана аян. Ол өзінің осы дарынымен мақтанады.
Актер бір кездері қарулы тонаушыны сөзбен райынан қайтарған.
Актер жас кезінде стресспен күресу үшін өзін өзі пышақпен жарақаттаған.
Джонни Джек Воробьяның костюмын кигенге дейін веган болған.
Деппты екі рет полицейлер ұстаған. Біріншісінде ол Нью-Йоркте қонақүйдегі бөлмесін талқандап тастаған. Екіншісінде ол француз папарацция өкілдерінің бетіне шығып кеткен.
Депп Джекті тартымды деп есептеген.
Актер 12 жасында темекі шегіп, ал пәктігін 13 жасында жоғалтған.
Ол өзінің көп мөлшерде шай-пұл қалдыратыны мен қолтаңба беруден ешқашан бас тартпайтынын мақтан тұтады.
Депп билеуден қорқады. Егер түсірілімде билеу керек болса, оның қасында үнемі хареограф болады.
Актер болғанға дейін, ол телефон арқылы шарикті қаламдар сатқан.
Джонни мультфильдерді кинофильм деп есептейді.
Ол достары мен жақындарын ренжіткен кез кеген адамды аямайтынын айтып уәде берген.
Ол мүлде анекдот айта алмайды.
Актер Францияда бірнеше шарап шығаратын зауыт пен АҚШ-та бірнеше барға иелік етеді.
Депп кейіпкер Джек Воробьяның күміс тісі болсын деп ұсыныс айтқан. Айлайда, продюсерлері онымен келіспегендіктен ол стоматологқа барып, алдыңғы екі тісін жұлдырып, протез салдырған.
Джонни елестердің өмір сүретініне сенімді және олардан қатты қорқады.