Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джо Байденнің ұлы 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АҚШ президентінің ұлы Хантер Байден 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған үш айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет ашық дереккөзден алынды

Делавэр штатындағы сот округінің қазылар алқасы 3 айыптауға да келісетіндерін атап өткен. Анығырақ айтқанда, Хантер Байден “Кольт” тапаншасын сатып аларда есірткі пайдаланғанын жасырып, өтірік айтып алған. Сонымен қатар қаруды сақтау кезінде де ол есірткі қолданып келген. 

"Үш айып бойынша ең жоғары жаза біріншісі бойынша 10 жыл түрме, 250 000 доллар айыппұл, екінші айып бойынша 5 жылға сот, 250 мың доллар айыппұл, үшінші айыптау бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру, 250 мың доллар айыппұл тағылады", — деп хабарлады сот құжатында. 

Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, “Ақ үй” иесінің ұлы 2018 жылдың қазан айында қылмыс жасаған. Оған тағылған айыптардың жиынтығы бойынша ол 750 000 доллар көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Талқылау