Джей Ло Instagram желісінде қазақстандық скрипкашының каверін бөлісті (видео)
Фото: коллаж/Меруерт Бақыт, Дженнифер Лопес
Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Instagram желісінде қазақстандық скрипкашы Меруерт Бақыттың видеосын жариялады. Қазақстандық өнерпаз скрипкада әншінің әйгілі Ain't It Funny әнінің каверін орындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнеролик Астанадағы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы маңында түсірілген. Ол көп ұзамай Instagram-да 248 миллионнан астам жазылушысы бар Дженнифер Лопестің жеке парақшасында жарияланды. Бейнероликке әншімен қоса миллиондаған жанкүйері де назар аударған.
"Аңыз-адам JLo-ның өзі біздің жұмысымызды байқап, бөліскеніне әлі де сене алар емеспін. Командаға рахмет айтамын, біз армандарды мақсатқа, ал мақсаттарды шындыққа айналдыруға болатынын дәлелдеп отырмыз. Мен үшін бұл алға қарай ұмтылуға үлкен мотивация болды", – деп жазды Меруерт Бақыт желідегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін Дженнифер Лопес жеке парақшасында қазақ тіліндегі әнді де бөліскен еді. Қазақстандық блогер, орындаушы Мөлдір Байбуринова әлемдік жұлдыздың Ain’t Your Mama хитіне жасаған қазақша каверін әлеуметтік желіге жүктеген. Қысқа уақытта бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, ақырында Дженнифер Лопес 248 миллион оқырманына қазақ тілінде шырқалған әнді бөлісті.

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарын бөлісті
