Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Джетпен ұшқым келеді": Ерке Есмахан күйеуіне арманын айтты

Ерке әншіФото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймға еркелеп, арманын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі күйеуін әлемге әйгілі футболшы Роналдумен салыстырды. Әнші футболшының әйеліне қызығатынын жасырмады. 

"Жар таңдаудан қателеспеуге тырысыңыз. Райм мен Роналду сияқты дегендей. Жан, джетпен ұшқым келеді”, – деп жазды Ерке.



Еске салайық, әнші алғаш рет екінші ұлының жүзін көпшілікке көрсетіп, жаңа бейнебаян ұсынған еді. 

“Алдарыңызда Райымбектің отбасы. Күйеуімнің жаңа бейнебаянын қарап, әнін тыңдаған боларсыздар. Ұлдарымыздың жарық жүздерін көріп, бізге тілек жазып, жанұямызға жылы сөздерін жаудырып жатқан сіздерге шексіз алғыс айтамыз. Барлығы үшін Аллаға сансыз шүкір! Баршаңызға тек жақсылық тілейміз! Бақытты, бай, қуатты болыңыздар!”, – деп ерекше ықылас білдірді әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 13:24
Талқылау