"Джет Лидің немересі ғой": Асылхан Төлепов жалаңаштанған суретімен қыздарды шулатты
Танымал қазақстандық актер Асылхан Төлепов желіге сурет жүктеп, оқырмандарын шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өзінің жартылай жалаңаш суретін әртіс Instagram парақшасына жүктеген.
"Жаңа жылда менің образдарыма мүлдем жат бейне пайда болатын секілді", - деп жазыпты әртіс.
Әлеуметтік желі қолданушылары, әсіресе, қыздар бұл суретті көріп ағынан жарылды.
"Жақсы әртіс әрқилы болғаны дұрыс", "Жаңа образ қызық болатын секілді", "Бұл дененің өз еңбек түсінгенге" деп жазыпты желі қолданушылары.
Бұған дейін Асылхан Төлеповтің келіншегі күйеуінің артынан қалмай қойған қыздар туралы айтқан еді.
Талқылау