Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киімі жыртылды: Сахнада жұлқынып билеген Дженнифер Лопес масқара болды (видео)

Дженнифер Лопестің Мәскеудегі концертте киімі жыртылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында әншінің мерейтойлық концертінде ойламаған оқиға орын алды. Өнер иесінің белсенді дене қимылдарынан оның киімінің төc жағы сахнада жыртылып кеткен. Белгілі америкалық әнші осылайша 50 жасқа толғанын сахнада атап өтпек болып, жұрттың күлкісіне қалды. 

Дженнифер Лопес 4 тамызда "ВТБ-арена" концерт залында тыңдармандарының алдында өнер көрсеткен. Алайда, Ain't It Funny әнін орындау барысында есте қаларлық оқиға болған.

Әншінің киімінің үстінгі бөлігі шешіліп кетіп, жұртты таңқалдырған. Ол байқатпай киімін қалпына келтіруге тырысқан, алайда қолынан ештеңе келмепті. Әнші сол қалпында концертті жалғастырған. Артынша ол ақ образын қызыл көйлекке алмастырыпты. 

Талқылау