Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды
Америкалық жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері жақын күндері сатылымға шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: AP Photo / Invision / Evan Agostini
Өнер иесінің концертіне билетті арнайы платформадан онлайн сатып алуға болады.
"Астана концерт" компаниясының мәліметіне жүгінсек, мегажұлдыздың ән кешіне арналған билеттер 11 сәуір күні сағат 11:00-де ресми түрде сатылымға шығады.
Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттерін www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
-
"Ұят қайда?!": Баян Мақсатқызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді
-
Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінен еліміз қанша табыс табатыны белгілі болды
Сондай-ақ концерт ұйымдастырушысы Мәлік Хасеновтің сөзінше, америкалық жұлдызбен келіссөз алты айға созылған көрінеді.
“Біз алты ай бойы келіссөз жүргіздік. Лопестің Instagram желісінде 258 миллион жазылушысы бар. Біздің елдегі халықтан 20 есе көп. Әртіс үшін Қазақстанға келу өте керемет. Мен осы жұлдыздың әндерін тыңдап өстім. Бүкіл стадион би билейді. Біз оның Абу-Дабидегі концертіне бардық және бұл ұмытылмас кештей өтті. Көрермендер риза, атмосфера керемет болды”, – деді Хасенов.
Еске салайық, америкалық әншінің концертіне билет бағасы 40-150 мың теңге аралығында болады. Ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұратынын жазған едік.