Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дженнифер Лопес қазақстандық қыздардың биін желіде бөлісті (видео)

Дженнифер Лопестің әніне билеген

Видеодан скриншот

Америкалық әнші Дженнифер Лопес Instagram желісіндегі парақшасына оның жаңа әніне билеген қазақстандық қыздардың видеосын бөліскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

J.Lo жақында Birthday атты жаңа әнін шығарды. Бір топ ақтөбелік қыз бұл хитті елеусіз қалдырмай, би билеп, видеоға түсірген.

Посттың астына олар әншінің аккаунтын белгіледі, ал әнші өз кезегінде Instagram оны stories-ке салып, бөлісіп қойды. 

Скриншот


"Жеңге болып тұр": Қазақстандық ер адам Дженнифер Лопеске қамзол кигізді


Желі қолданушылары қазақстандық бишілердің өнерін жоғары бағалап, көптеген оң пікірлер қалдырып, биді Дженнифер Лопестің парақшасынан көргендерін баса айтты.

"J.Lo-ның парақшасынан көргенім қандай керемет, қыздар, жарайсыңдар", "J.Lo-ның парақшасында екендеріңізді білесіздер ме?", "Жарайсыңдар қыздар, JLO-ның өзі репост жасапты", "Бұл Ақтөбе ғой", "Міне, дәреже", – деп жазды желідегілер.

Еске салсақ, депутат әнші Дженнифер Лопестің сахналық киіміне пікір білдіремін деп сынға қалған еді. 

Қырмызы Скендирова
Жұма, 08 Тамыз, 2025 15:32
Талқылау
`