Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді
Фото: Ашық дереккөз
Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанаға ұшып келгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің келгені туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Дженнифер Лопесті тасымалдаған ұшақты қарсы алды. Әнші жоспарланған концертті өткізу мақсатында елордаға ұшып келді. Сәтті өнер көрсетіп, Астанадағы уақытын жайлы өткізуін тілейміз!", – делінген әуежай таратқан хабарламада.
-
"25 мың көрермен жиналады": Ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің концертіне ертерек келуді ескертті
-
Ticketon Дженнифер Лопестің концертіне байланысты жылдық табысын жоғалтпақ
Айта кетейік, Еске салайық, америкалық әншінің концертіне билет бағасы 40-150 мың теңге аралығында болады. Ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұратынын жазған едік.
Еске салайық, бұған дейін әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сатып алу кезінде Ticketon.kz сервисінде техникалық ақау пайда болған еді. Сервистің негізін қалаушы Алексей Ли Threads-тегі парақшасында ақаудың себебін түсіндірді. Ол әншінің жанкүйерлерінен кешірім сұрап, қолайсыздықтың орнын толтыратынына уәде етті. Алайда Instagram желісінде алып-сатарлардың жарнамасы тарады. Ол жақта билет құны 500 мың теңге көрінеді. Осылайша ол VIP орындарға билеттер ұсынып, фан-зонаға билет те сататынын айтқан.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
