Джек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді
Алматыға Джек Ма және Alibaba Group қорларының гуманитарлық көмегінің екінші партиясы жеткізілді. Көмек ретінде 50 016 дана тест-жүйе және 30 дана өкпені жасанды желдету аппараттары бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Гуманитарлық жүкті бірыңғай дистрибьютор – "СК-Фармация" ЖШС одан әрі медициналық мекемелер арасында бөлу үшін қабылдап алды.
Өз кезегінде елдің сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметінің атынан Джек Ма мен "Alibaba Group" қорларына COVID-19-мен күресте елеулі көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 10 сәуірінде қытайлық кәсіпкер біздің елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері, медициналық қолғаптар, байланыссыз термометрлер) жіберген.
Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмен Джек Маға алғысын білдірді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді