Amazon кедей отбасылар үшін мыңдаған тегін үй салады
Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос негізін қалаған компания – Amazon технологиялық алыбы АҚШ-тың үш қаласында қол жетімді баспана салуға жүздеген миллион доллар бөледі. Әкімшілік өз қарамағына белгіленген инфрақұрылымы бар үш мың үйді алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes басылымына сілтеме жасап.
Жаңа жылжымайтын мүлік Пугет Саундта (Вашингтон), Арлингтонда (Вирджиния) және Нашвиллде (Теннесси) пайда болады. Жалпы алғанда, Amazon кедей отбасылар үшін тұрғын үй мәселелерін шешуге шамамен 300 миллион доллар жұмсайды. Бұған дейін технологиялық алып осындай бастама аясында ескі ғимараттарды жөндеуге және 20 мың жаңасын салуға екі миллиардтан астам доллар бағыттаған еді.
Пугет-Саундта Amazon Sound Transit қоғамдық көлік агенттігімен бірлесе отырып, тұрғын үй тапшылығы бар аудандарда 1200 үй салу үшін 100 миллион доллар бөледі. Нашвиллде жалпы құны 75 миллион доллар болатын 800 ғимарат пайда болады. Арлингтонда қалалық округ бойынша метро станцияларына жақын жерде мың дана тұрғын үй салынады. Барлық құрылыс жобалары орташа және төмен табысы бар отбасылар сапалы қоғамдық көліктің жанында тұрып, одан пайда көре алатындай етіп жасалған.
"Amazon тұрғын үйге қол жетімділік, кептеліс және қалалардың тұрақтылығы мәселелерін шешуге көмектеседі. Компания мемлекетпен бірге аймақтардың экономикалық өркендеуіне күш салады", – деді америкалық Metrorail теміржол компаниясының бас директоры Пол Видефельд.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
