Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джастин Бибер мен Селена Гомес үйленетін болды

Әлемге әйгілі әнші Джастин Бибер мен актриса Селена Гомес ақыры үйленетін болды. Осыдан төрт жылдай уақыт бұрын айырылысқан жұптың қайта табысуы туралы шетелдік БАҚ-тар жарыса жазуда.

biber2

24 жастағы Гомес 2014 жылдан бері денсаулығында пайда болған кінәратпен арпалысып келеді. Селена қызыл жегі ауруына шалдыққандықтан, біраз уақыттан бері сахнаға да шықпай жүр. Ал Бибер бұрынғы сүйіктісі ем алып жатқан кезінде онымен қайта табысуға шешім қабылдаған, деп жазды starhit.ru.

Селена ауырғалы бері Джастин оның көңілін сұрап бірнеше рет барған көрінеді. БАҚ өкілдері екі жастың дәл осы кезеңдерде бір-біріне қайта жақын болып, татуласқандарын болжауда. Канадалық музыканттың айтуынша, төрт жыл бұрын Селена олардың қарым-қатынастарын сақтап қалу үшін барынша тырысқан. Сол себепті әнші өзі сүйетін әйелмен бас қосуды жөн көріп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Эстрада жұлдыздары Жан Ахмадиевтің бейәдеп қылығына байланысты пікір білдірді

Айша: Бүркітті мүлдем қызғанбаймын. Оған толықтай сенемін

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Талқылау