Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұрыс түсінбей қалдыңыздар": Бекшин өз сөзінен бас тартты

ҚР-дың бұрынғы бас мемлекеттік санитар дәрігері, қазіргі Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин сөзінен тағы да жаңылды. Бұл жолы Бекшин далада медициналық маска киюдің қажеті жоқ деп алып, артынша бұл сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның бас санитар дәрігері: Жалған ақпаратты тоқтатуларыңызды сұраймын

22 сәуір күні өткен брифингте Алматының бас санитар дәрігері қоғамдық орындарда маска мен қолғап киіп, далада оларды кимей-ақ  жүре беруге болады деп айтыпты. Сөзінше, бұл медициналық маска тапшылығын болдырмайды екен. Оған қоса далада медициналық маскалар бәрібір аурудан қорғамайтын сыңайлы. 

"Далада жүргенде біз маскаларды ылғалдандырып, олар істен шығарамыз десек болады. Ал ылғалды орта - вирустың таралуына ең керекті жер", - депті Бекшин. 

Алайда артынша ол өзінің жаңылысқанын айтып, масканы міндетті түрде тағу керектігін жеткізіпті. 

"Кейбір БАҚ өкілдері менің сөзімді дұрыс түсінбей қалды. Маска кию - міндетті дүние. Бүкіл әлемде маска кию негізгі шарт ретінде қарастырылған. Бұл аурудың алдын алу шарасы", - деп жазыпты Алматының бас санитар дәрігері. 

Еске салайық, бұған дейін Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға өзінің "болжап-білу" қабілетімен танылған еді. Бұған дейін ол "Қазақстанда 11-16 сәуір аралығында ақыры коронавирус бізге де келеді" деп айтыпты. Оның бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді. 

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Сәуір, 2020 11:04
Талқылау