Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сырқаттанған кезде дұға жасау науқасқа көмектесе ме – Дәрігерлер клиникалық зерттеу жүргізді

Бразилияда Сан-Паулудағы жеке аурухананың дәрігерлері денсаулыққа арналған дұғалардың COVID-19-дың алдын алуға жәрдемдесетінін анықтау үшін клиникалық зерттеу жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC

Эксперимент 2020 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін жалғасты. Жаңа инфекцияға қарсы арнайы препараттар болмағандықтан, дәрігерлер пациенттерге симптоматикалық емдеуді ұсынды. 

Эксперименттің негізгі мақсаты – науқастардың тез сауығып кетуіне арналған дұғалар олардың арасындағы өлім-жітім пайызына (яғни, олардың тірі қалу коэффициентіне) әсер ететінін тексеру. Осылайша коронавирус диагнозы расталған 200 емделуші 2 топқа бөлінді. Пациенттердің екі тобына да коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін қабылданған хаттамаға сәйкес әдеттегі медициналық көмек көрсетілді.  

Сонымен бірге дәрігерлердің өтініші бойынша жергілікті христиан қауымының жетекшілері науқастардың тез сауығып кетуі үшін күніне үш рет, төрт сағаттан жүйелі түрде дұға етті. Дін өкілдері дәрігерлердің нақты ұсынысы бойынша өз дұғасында науқастардың өмірін сақтау, жасанды желдетуден бас тарту және емделушінің жансақтау бөлімінен тезірек шығуын сұрауы қажет болды. 

Фото: BBC

Нәтижесінде екі топтағы клиникалық сынақтардың нәтижелері бірдей болып шықты. Сонымен қатар денсаулыққа арналған дұғалар өлім үлесіне мүлде әсер етпеген. Екі жағдайда да коронавирустан қаза болғандар саны бірдей.  

Содан кейін зерттеушілер науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосу қажеттілігі мен ұзақтығы, жансақтау бөліміне ауыстыру және қарқынды терапияны қабылдау мен ауруханаға жатқызудың жалпы ұзақтығы туралы көрсеткіштерін салыстыра бастады. Зерттеушілердің қорытындысына сәйкес, коронавируспен ауыратын науқастардың сауығып кетуіне арналған дұғалар оларды емдеудің жалпы нәтижесіне де, жылдамдығына да әсер етпеген.

Талқылау