Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұға етіп қойыңыздаршы": Аша Матайдың денсаулығы сыр берді

Отандық тележүргізуші Аша Матай үш ай күйзелісте жүргенін жасырмай атты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/asha_matai

Тележүргізуші қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. 

“Үш айлық күйзеліс пен бес күн қан қысымның көтеріліп-түсуінің нәтижесі. Жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Бір күнде екі рет шақырттым. Қан қысымым түсіп кете береді. Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы. Күш-қуатым әлсіреп, бірқатар анализ тапсырдым. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, мен сынбаймын. Сынуға құқым жоқ. Менің екі кішкентай балам бар. Оларға дені сау, бақытты ана керек. Біздің денсаулығымыз бен балаларымыз – аманат”, – деп жазды Аша Матай.

Талқылау