Дэвид Бекхэм қуыршаққа арнап көйлек тікті
40 жастағы әйгілі экс-футболшы Дэвид Бекхэмның жары Виктория Инстаграм әлеуметтік желісінде ерекше сурет жариялады.
Бұл туралы reactor.inform.kz сайты хабарлайды.
Суретте Дэвидтің жайланып отырып, қолөнермен айналысып жатқанын байқауға болады. Ол өзінің 4 жастағы қызы Харпердің қуыршағына арнап көйлек тігіп отыр екен.
“Әкесі Харпер үшін көйлек тігіп отыр. Біз сені жақсы көреміз,Дэвид!”, – деп жазды суреттің астына Виктория.
1999 жылы бас қосқан Дэвид пен Викторияның Харперден бөлек, үш ұлы бар: 17 жастағы Бруклин, 13 жастағы Ромео және 10 жасар Круз.
Талқылау