Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Душқа түсіп жатқанда сығалап қараған: Тәрбиешінің лагерьдегі балаларды не үшін ұрғаны белгілі болды

Түркістан облысындағы лагерьлердің бірінде 18 жастағы тәрбиеші 4 жеткіншекті не үшін ұрып-соққаны белгілі болды. Олар душқа түсіп жатқан тәрбиешіге сығалап қараған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Душқа түсіп жатқанда сығалап қараған: Тәрбиешінің лагерьдегі балаларды не үшін ұрғаны белгілі болды

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды. 

«Комиссия 14-15 жастағы жеткіншектердің душқа түсіп жатқан 18 жастағы тәрбиешіге сығалап қарағанын анықтады. Артынша тәрбиеші байқап қалып, өзі жазалауды жөн көрген», - деп жазды Қалқаманов. 

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин оқиғаның мән-жайын айтты. 

«15 тамызда жоғарыда аталған тұлғалар су ойындарынан кейін душқа сығалап қарай бастаған. Ол кезде 2001 жылғы тәрбиеші душқа түсіп жатқан. Тәрбиеші оларды байқап, ашуланып, ұрып-тебе бастаған. Сол жердегі ұлдардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алып, WhatsApp мессенджері арқылы топқа жіберген. 

Топтың анықталмаған қатысушыларының бірі видеожазбаны ата-анасына жіберіпті. Кәмелет жасқа толмаған балалар деректі жоққа шығарып отыр. Демалып жатқандардың ата-аналары шақыртылды. 

Сырттай қарағанда кәмелет жасқа толмаған балалардың денесінде көзге көрінетін зақым жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерек Төле би аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Тексеріс жүргізіліп жатыр», - деп жазды Аружан Саин әлеуметтік желіде. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы лагерьде балаларды ұрып-соғу оқиғасы жайлы жазған едік. Білім және ғылым министрлігі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Талқылау