Дүрлігудің керегі жоқ: Заңгерлер пәтерден қуылған жағдайда қалай әрекет ету керегін айтты
Қазақстанда пәтер жалдау құнының күрт өсуіне байланысты заңгерлер бірнеше кеңес берді. Олардың сөзінше, дүрлігудің орнына мәселені құқықтық негізде шешкен абзал, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде заңсыз пәтерден шығарған жағдайда қалай әрекет ету керегі туралы ескертпелер жарияланды.
Жазбада пәтерден көшуге асықпай, келісімшарт бойынша белгіленген соманы төлеу керегі айтылған. Егер келісімшарт жазбаша емес, ауызша түрде жасалса да, заңсыз болғандықтан, пәтерден қуып шыға алмайды екен.
Заңгерлердің сөзінше, мұндай әрекет Қылмыстық кодекстің 389-бабы "Өзінше билік" ету бойынша жазаланады. Жазба авторы жалға беруші полиция шақырумен қорқытса, "пәтерден қуғаны туралы арызбен бірге сотқа жіберу керек" екенін айтады.
- Қонақ үй мен пәтер иелері шетелдіктердің келгені туралы хабарлауға міндетті – Ішкі істер министрлігі
Пәтерде тұру туралы істі соттың қанша уақыт қарайтынына байланысты тағы 3-4 ай ұтуға болады екен. Дегенмен бұл аралықта пәтерді жалға алу ақысын толық төлеу қажет.
Сонымен қатар дәлелдерді жинап, сотқа дайындалған жөн. Барлық хабарламалар, түбіртектер мен өзге де құжаттар пәтер иесі мен жалға алушы арасындағы келісімді дәлелдей алады. Үйге меншік иесінің рұқсатымен тұрып жатқанын дәлелдеп шығу маңызды.
Заңгерлердің сөзінше, тұрғын үйді жалға алу екі жақтың келісімшарты болмағандықтан, күрделі іске айналады. Әрі өз құқығын қорғау үшін соттан қорықпау керек, дейді.