Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан мен Қырғызстан көкпардан финалға шықты

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан финалға шығып, алтын жүлдені сарапқа салады. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы 

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шықты. Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне таласуға жолдама алды. Финалда Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салады. Қырғыз көкпаршылары ширек финалда Түркия құрамасын 15:1 есебімен жеңіп, бірден финалға жолдама алған еді. Түркия командасы ертең Ресей спортшыларымен қола жүлдеге таласады.

"Қазанат" ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Айта кетейік, жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынында 21 алтын, 10 күміс, 17 қола жүлде бар.

Талқылау