Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынында 27 алтын медаль бар

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жиырма жетінші алтын жүлдені қоржынға салып, жеке дара көш бастады. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы 

Бүгін бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанып, ел қоржынына жиырма алтыншы алтын жүлдені салса, ерлер құрамасы жиырма жетінші алтынды салды. А тобында қарсылас шақ келтірмеген Қазақстан қыздар құрамасы финалда Ресей спортшыларымен бақ сынасып, қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді. Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал ерлер құрамасы Қырғызстан командасынан басым түсті. 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медаль кестесінде қазір Қазақстан құрамасы 25 алтын, 12 күміс, 18 қола медаль еншілеп, жеке дара көш бастап келеді.

Айта кетейік, Көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. 

Талқылау