Дүниежүзілік экономикаға бұлыңғыр келешек болжанды
Коронавирустық пандемияға байланысты жаһандық экономиканы қорқынышты болашақ күтіп тұр, деп жазады Bloomberg. Жалпы карантин және әр түрлі елдердің билік органдары аурудың таралуын болдырмауға бағытталған қатаң шектеулер аясында осы жылдың бірінші жартысында әлемдік экономикада күрт құлдырау болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік зауыттардың жабылуы және әуе тасымалының төмендеуі іскерлік белсенділік индексінің төмендеуіне әкелетінін айтады. Мәселен, Еуроаймақта бұл көрсеткіш 1998 жылдан бастап ең төменгі деңгейге жетті. HSBC Holdings-тің аға экономикалық кеңесшісі Стивен Кинг: "Жақын болашақтағы экономикалық жағдай өте жаман болады", - деді.
Бұған дейін халықаралық валюта қоры 2020 жылы жаһандық рецессияның ықтималдығы жоғары деп мәлімдеді. Ұйымның жетекшісі Кристалина Георигиеваның болжамы бойынша, жағдай 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегідей болуы мүмкін, тіпті одан да жаман. "Экономикалық әсер айтарлықтай өзгереді", - деді ол.
Жалпы, жаһандық экономикалық дағдарыс басталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мамандардың ЖІӨ-нің өсуі бойынша болжамдары минус 2-ден 2,7 пайызға дейін төмендеді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
