Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүние жүзінде Палестинаға қолдау митингілері өтті

Әлемнің бірнеше елінде Палестинаның он мыңдаған жақтаушылары митингке шығып, Израильдің атысын тоқтатуын талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Голос Америки” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Израильдің Палестинаны атқылағаны бір жыл болғандықтан, сенбіде бірнеше елде тұрғындар көшеге шықты. 

Енді жексенбіде Израильді жақтайтын шерулер болмақ.

БҰҰ мәлімдемесі

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш соғысқа бір жыл болғандықтан, мәлімдеме жасады. Ол лаңкестік әрекеттің "адамдардың жан дүниесінде із қалдырғанын" атап өтті. Сондай-ақ әлемдік қоғамдастықты "ХАМАС-тыңжиіркенішті әрекеттерін ашық айыптауға" шақырды. 

"7 қазаннан бері жантүршігерлік зорлық-зомбылық пен қантөгіс толқыны болды. Бір жыл бұрынғы шабуылдардан кейінгі соғыс Газадағы палестиналықтардың өмірін қиып, ливандықтарға азап әкелді. Кепілге алынғандарды босатып, қаруды тастайтын бейбітшілік, халықаралық құқық және әділеттілік уақыты келді", – деді Гутерриш.

Ол халықаралық қауымдастықты "бүкіл Таяу Шығыстағы азап пен зорлық-зомбылықты тоқтатуға" және Израиль, Палестина және аймақтағы барлық басқа елдегі шиеленісті шешуге шақырды.

Еуропадағы шерулер

Сенбі Римде бірнеше мың адам бейбіт шеру өткізді. Алайда ол қорқынышты митингке ұласты. Қара киім киіп, беттерін жауып алған кейбір наразылық білдірушілер полицияға бөтелкелер мен қағаз бомбаларды лақтырды. СОл үшін полиция көзден жас ағызатын газ бен су атқыштармен оларды жаншып, ақыры жиналғандарды таратты.

Ал Лондонда полиция қоршауға алған Рассель алаңына мыңдаған адам жиналды. Кейбір шеру ұйымдастырушылары "Израильге қатысы" компаниялар мен мекемелерге, соның ішінде Barclays Bank және Британ мұражайына қарсы шеру өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

Палестинаны және Израильді қолдайтын демонстранттар бір-бірімен кездесіп, ара шиеленісе түсті. Полиция бөлу сызығын бұзып өтпек болған белсенділерді артқа итеріп жіберген кезде қақтығыстар басталды. Қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікпен 15 адам қамауға алынды.

Германияның Гамбург қаласында 950-ге жуық адам Палестина мен Ливан жалауларын желбіретіп, "Геноцидті тоқтатыңыз!" деп ұрандатты. Сол жерде Израильді қолдайтын екі демонстрант та болды. 

Парижде де мыңдаған халық Палестина және Ливанды қолдап, Республика алаңына жиналды. Көпшілігі Палестина туын желбіретіп, "Геноцидті тоқтатыңыз", "Палестинаны азат етіңіз" және "Ливаннан қол үзіңіз" деген жазулар ұстады.

Филиппинде ондаған белсенділер Маниладағы АҚШ елшілігінің алдында наразылық шеруін өткізді. Бірақ полиция олардың АҚШ дипломатиялық миссиясының қоршауына жақындауына жол бермеді.

Талқылау