"Дүкеннің киім ауыстыратын бөлмесінде зорлаған": Дональд Трампқа қатысты іс қозғалды
Нью-Йоркте АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қатысты істі азаматтық сот қарастырып жатыр. Трампқа журналисті зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews арнасына сілтеме жасап.
Істі журналист Э.Джин Кэррол қозғаған, ол Трамп өзін 1990 жылдары дүкендегі киім ауыстыратын бөлмеде зорлады деп мәлімдеді.
Кэррол Трамппен 1995 жылдың аяғы, 1996 жылдың басында кездейсоқ кездескенін айтқан. Оның сөзінше, Трамп оған зорлық-зомбылық көрсеткен.
Кэрролдың айтуынша, президент әйелдерге арналған іш киім таңдауға көмектесуін өтінген. Артынша шешінетін бөлмеде жалғыз қалған кезде, Трамп оны зорлаған. Артынша Кэррол одан қашып кетіпті.
Кэррол айыптауларын 2019 жылы жарық көрген естелігінде жариялаған. Трамп келіншекті зорлағанын, тіпті Elle журналының шолушысы болған Кэрролды танитынын үзілді-кесілді жоққа шығарды.
Дональд Трамп Кэррол өзінің кітабының сатылымын арттыру үшін осындай қадамға барғанын алға тартады. Бұрынғы президент Кэрроллды "жынды" және "психикалық ауру" деп атап, тағылған айыптарды жоққа шығарады.
Азаматтық іс бойынша сот оны кінәлі деп тапса да, ол түрмеге жабылмайды. Алайда мұның бәрі оған саяси зиян келтіруі мүмкін.