Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүкендердегі туралған жемістердің қауіпті екені анықталды

Фото: unsplash.com

Испанияның Азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану агенттігінің (AESAN) мамандары жаз мезгілінде супермаркеттерден алдын ала туралған жемістерді сатып алмауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deia басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, жемістің қабығы оны микробтардан қорғайтын табиғи қалқан қызметін атқарады. Ал пышақпен кесілген кезде бұл қорғаныс бұзылады. Ең қауіптісі – жеміс сырт көзге бүлінбей, иісі мен түсі өзгермей-ақ, патогендермен ластануы мүмкін. Агенттік кесілген жемістерді тұтыну сальмонеллез және ішек таяқшасы секілді ауруларға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Егер адамда іш өту, қызу көтерілуі, жүрек айну, құсу, әлсіздік пен шаршау секілді белгілер байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Алдын ала туралған жемістер кейбір ережелерді сақтаған жағдайда қауіпсіз болуы мүмкін:

- Жемісті +25 ºC-тан жоғары температурада 3 сағаттан артық қалдырмаңыз.

- Оны +5 ºC-тан төмен температураға дейін мүмкіндігінше тезірек суытыңыз.

- Шамадан тыс пісіп кеткен немесе бетінде жарақаты бар жемістерді кеспеңіз.

- Туралған жемістерді тікелей күн сәулесінен алыс, желдетілетін жерде сақтаңыз.

Бұған дейін профессор Марина Мойсеяк ыстық ауа райында тәтті сусындарды тұтыну қауіпті болуы мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, мұндай сусындар қандағы глюкоза деңгейінің күрт жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 21:20
Талқылау